Сан-Францискода ұйымдасқан түрде тағы да бір дүкен тоналды
Қар 29, 2021 16:47 Asia/Almaty
Сан-Францискодағы Нордстром ауданында бір супермаркетке ондаған адам ұйымдаса шабуыл жасады. Полиция 3 күдіктіні ұстағанын хабарлады.
АҚШ полициясы бұл шабуылды "ұжымдасқан ұрлық" деп атады. Полиция басқармасының хабарлауынша, бұл үйлескен шабуылға 80-ге жуық адам қатысып, бірнеше көлік қолданылған. Полиция осы күнге дейін көліктердің бірінде отырғандарды қамауға алды.