Путин келер жылдың басында Раисидің Мәскеуге келетінін айтты
https://parstoday.ir/kz/news/world-i57308
Ресей Президенті Владимир Путин ИИР Президенті Ибраһим Раисидің келер жылдың басында Мәскеуге келу ықтималы жайлы хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 09, 2021 15:31 Asia/Almaty
  • Путин келер жылдың басында Раисидің Мәскеуге келетінін айтты

Ресей Президенті Владимир Путин ИИР Президенті Ибраһим Раисидің келер жылдың басында Мәскеуге келу ықтималы жайлы хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Путин сәрсенбі күні Грекия Премьер-министрі Кириакос Мицотакиспен бейне баспасөз конференциясында: "Иран Президентінің Ресейге сапары 2022 жылдың басында жүзеге асырылуы мүмкін",-деді.