Израильге қарсы Бас Ассамблеяның бірнеше қарарларының тиімсіздігінің себептері
https://parstoday.ir/kz/news/world-i57378-Израильге_қарсы_Бас_Ассамблеяның_бірнеше_қарарларының_тиімсіздігінің_себептері
10 қарашада БҰҰ Бас ассамблеясы сионистік режимге қарсы тағы алты қарарды қабылдады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 11, 2021 18:16 Asia/Almaty
  • Израильге қарсы Бас Ассамблеяның бірнеше қарарларының тиімсіздігінің себептері

10 қарашада БҰҰ Бас ассамблеясы сионистік режимге қарсы тағы алты қарарды қабылдады.

БҰҰ Бас ассамблеясы соңғы жылдары Израиль режиміне қарсы бірнеше қарар қабылдады. 2018 жылдың қарашасында Бас Ассамблея Израильге қарсы барлығы 15 қарар қабылдады, оның 9-ы 16 қарашада және 6-сы 30 қарашада қабылданды. 2019 жылдың қараша айында БҰҰ-ның бұл органы сионистік режимге қарсы 8 қарар қабылдады.

Бас Ассамблеяның Израильге деген бұл көзқарасы екі маңызды сұрақ тудырады. Бірінші сұрақ қарарлардың мазмұнына қатысты. Қарарлардың көпшілігінде Израиль режимінің Палестинаға қарсы қылмыстары айыпталды және кейбір қарарлар режимнің Сирияға қарсы қылмыстарына арналды. Өткен түнде қабылданған алты қарарда палестиналықтардың адам құқықтарының бұзылуы, сондай-ақ Бейт әл-Мұқадас пен Сирияның Голан аймағындағы қалашықтар құрылысы сынға алынды. Сондай-ақ қарарларда Газаның құрлық, әуе және теңізден қоршауға алынуы, сионистік қоныстанушылардың басып алынған аумақтардағы Палестина азаматтарына қарсы арандатушылық әрекеттері, сондай-ақ палестиналықтардың үйлерңн қирату және оларды негізсіз қамауға алу мен түрмеге жабу айыпталды, сондай-ақ палестиналық босқындарды үйлеріне қайтару қуатталды. Бұл қарарларда сионистік режимнен БҰҰ-ның Сирияның Голан аймағына қатысты қарарларын орындау және аймақты басып алуды тоқтату  талап етілді. Осы барлық заңды ережелерді ескере отырып, тағы бір сұрақ туындайды, «неге БҰҰ қарарлары палестиналықтардың жағдайын жақсартпайды, керісінше олардың жағдайы жыл сайын нашарлайды?» Мұның үш маңызды және негізгі себебі бар.

Бірінші себеп - Израильдің әрекеттену үлгісі, ол негізінен халықаралық құқықты ұстанбайды және БҰҰ қарарларына назар аудармайды. Израиль немқұрайлылығын қарарлардың соңғы алты қарар БҰҰ Бас Ассамблеясының Арнайы Саяси және отарсыздандыру комитетінде (Төртінші комитет) қабылданғандай, Бас ассамбеядан бұрын БҰҰ басқа органдарында қабылданатын жағдайда білдіріп отыр. Екінші себеп – ұлы державалардың, әсіресе АҚШ пен Қауіпсіздік кеңесіне мүше батыс державаларының әрекеттері үлгісі. Қауіпсіздік Кеңесіндегі бұл өкілеттіктер Израильді қолдайды және іс жүзінде БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарларының күшін жоюдың маңызды факторы болып табылады. Үшінші себеп – БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарларының іске асырулы кепілінің жоқтығы.