Римде Джулиан Ассанжды АҚШ-қа экстрадициялауға қарсылар жиналды
Жел 13, 2021 21:17 Asia/Almaty
Италияның ондаған азаматы мен саяси белсенділер жексенбі күні Рим қаласының ортасындағы Пантеон алаңында жиналып, Джулиан Ассанжға қолдау білдіріп, оның тез арада босатылуын талап етті.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, шерушілер Ұлыбританияның WikiLeaks-тің негізін қалаушыны АҚШ-қа экстрадициялау ықтималына алаңдаушылық білдіріп, Италияның саясаткерлері мен ақпарат құралдарының үнсіздігі мен немқұрайлығын сынады.
Ұлыбританияның Жоғары аппеляциялық соты жұма күні Лондонда Джулиан Ассанжды АҚШ-қа экстрадициялауға дауыс берді.
Мамандардың айтуынша, Джулиан Ассанж АҚШ-қа экстрадицияланған жағдайда өмір бойы бас бостандығынан айырылады.