БҰҰ Бас хатшысы Иранға қарсы санкцияларды жою қажеттілігін қуаттады
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қауіпсіздік кеңесінің 2231 қарарының орындалуы туралы өзінің он екінші ең соңғы баяндамасында Иран мен 4+1 тобының Вена келіссөздерін қолдап, АҚШ-тың Иран мен Теһранға қарсы біржақты ядролық санкцияларын алып тастау және Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының экономикалық пайдасын көру қажеттігін қуаттады.
Гутерриш Қауіпсіздік кеңесінің 2231 қарарының орындалуы туралы 11-ші баяндамасында АҚШ-тың Қауіпсіздік кеңесіне қайта оралуын лайықты қадам деп атап, Вашингтонды Иранға қарсы санкцияларды алып тастауға және жеңілдіктерді ұзартуға шақырды. БҰҰ Бас хатшысының 2018 жылы мамырда Трамп үкіметі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін Иранға қарсы мейілінше қысым түрінде жүзеге асырылған АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкцияларын алып тастау қажеттігін қуаттауы халықаралық қауымдастықтың АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы жағымсыз рөліне және оны жоюға бағытталған әрекеттеріне ұстанымын көрсетеді. Гутерриш Қауіпсіздік Кеңесіне 2231 қарарының орындалуы туралы тапсырған мерзімді баяндамаларында АҚШ-тың Иранға санкция салу арқылы қарарды бұзғанын мәлімдеді. Трамп әкімшілігі 4+1 тобы басшыларымен және тіпті оның еуропалық одақтастарымен көптеген кеңесулеріне қарамастан, олардың ешқайсысын «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен Иранға қарсы Вашингтонмен одақтасуға көндіре алмады. Ақырында, Трамп Иранды шамалы болсада бағындыра алмаған жағдайда, биліктен кетті. Washington Post шолушысы Макс Бут: «Трамптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы ядролық келісімінен шығу шешімі АҚШ-тың 2003 жылы Иракқа басып кіруінен кейінгі ең айқын сыртқы саяси қателік болды», - деп жазды. Трамп үкіметі Иранға барынша қысым жасау түріндегі тарихтағы ең ауқымды санкцияларды енгізу арқылы ең кішкентай нәтижеге де қол жеткізе алмағанына қарамастан, АҚШ Джо Байденнің президенттігі кезінде Теһранды күштеп салуға үміттеніп, өткеннің сәтсіз тәсілін жалғастырды. АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкцияларын жоюға бағытталған Иран мен 4+1 тобының Вена келіссөздерінің жетінші раунды өтіп жатқан кезде, Вашингтон Иранға қарсы қысымшылық және қисынсыз көзқарасын баса көрсетуді жалғастыруда. Байден тұсында тағы да трансатлантикалық конвергенция жолын ұстанған еуропалық үштік АҚШ-тың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2231 қарарын бұзушы ретіндегі көзқарастарына бағынып, келіссөздерде Иранды айыптап, келіссөздер үдерісін Вашингтонның пайдасына бұруға тырысуда.