Украина Еуроодақтан Ресейге санкция салуды сұрады
Украина Президенті: "Еуроодақ Ресейдің ықтималды шабуылын күтпей-ақ, бұл елге қарсы санкция салуы керек",-деп мәлімдеді.
Володимир Зеленский Украинаның Ресеймен арадағы текетіресті азайту үшін келіссөз өткізуге дайын екенін айтып: "Ресей Президенті Владимир Путин осы күнге дейін келіссөз өткізуге дайын емес",-деді.
Ұлыбританияның Премьер-министрі Борис Джонсон мен Германияның Сыртқы істер министрі Анналена Баербок сәрсенбі Ресейге қарсы жарнамалық кеңістік тудыруын жалғастырып: "Ресейдің Украинаға ықтималды шабуылы апат тудырады. Бұл Лондон мен оның одақтастары тарапынан өте қатаң экономикалық санкциялар пакетінің қабылдануына әкеліп соқтырады",-деді.
Батыс елдері, соның ішінде АҚШ бірнеше апта бойы ақпарат құралдарында белгісіз дереккөздерінен ақпарат тарату арқылы жанама түрде көзқарастарын білдіріп, Ресейді Украинаға шабуыл жасауды жоспарлап жатыр деп айыптады.
Ресей Украина шекарасына әскер орналастырудың қалыпты әскери шара екенін сан рет жариялады. Бірақ АҚШ пен оның одақтастары Ресей мен Украина шекарасында жағдай шиеленісіп тұр деп көрсетуге талпынып жатыр.