Ғарибабади Канадада хиджаб киген мұғалімнің жұмыстан шығарылуына реакция білдірді
Иран Жоғары соты басшысының халықаралық істер жөніндегі орынбасары әрі Адам құқығы штабының хатшысы Канада үкіметінен Квебек штатында мемлекеттік органдарда діни белгілер мен хиджаб қолдануға тыйым салатын заңның күшін жоюды сұрады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің бейсенбі күні хабарлауынша, Казем Ғарибабади Твиттердегі жеке парақшасында Канаданың Квебек штатындағы бір қаланың мектебінде үшінші сыныпқа сабақ беретін ирандық мұғалім Фатима Анваридің жұмыстан шығарылуына реакциясында осы елдің федералды үкіметінен аталмыш іске араласуды сұрады.
Ғарибабади өз жолдауында: «Осы кемсітушілік сипаттағы заңға қарсы және Анвари ханымның жұмыстан шығарылғанына қарсы ауқымды халықтық наразылықты ескеріп, Канаданың федералдық үкіметі осы іске араласып, аталмыш штаттың мемлекеттік органдарда діни белгілер мен хиджаб қолдануға тыйым салатын заңның күшін жою керек»,-деді.
Осы мұғалім жұмыстан шығарылғаннан кейін Квебек штатындағы «Челси» мектебі оқушыларының ата-аналары мектептің сыртқы қабырғасына жасыл банттар тағып, мұғалімге өздерінің қолдауын білдірді.