Ирандық футболшы – Азия құрлығы апталығының үздік легионері
Жел 18, 2021 12:34 Asia/Almaty
Ресейлік «Зенит» футбол командасының ирандық шабуылшысы Азиядағы аптаның үздік легионері атанды.
АФК сайты сауалнама нәтижесінде аптаның ең үздік құрлықтық легионерін атады. Осыған сәйкес, Иран ұлттық құрамасының жұлдызды және «Зенит» клубының мүшесі Сардар Азмун Еуропа чемпиондар лигасында «Челсиге» қарсы ойында жарқырап, Азиядағы аптаның үздік легионері атанды.