Путин Батыстың санкцияларын зиянды бәсекелестік құралы деп сынады
Кремльде өткен Ресей өнеркәсіпшілер мен жұмыс берушілер кеңесінің отырысында Батыстың Ресейге қарсы санкцияларын сынаған Ресей Президенті Владимир Путин Батыс елдері, соның ішінде АҚШ-тың санкцияларды Ресейге қарсы зияндық бәсекелестік үшін пайдаланып жатқанын айтты.
Ресей Президентінің Батыстың, әсіресе АҚШ-тың санкцияларды кеңінен қолдануын ашық сынға алуы бәсекелес державалардың алға жылжуына жол бермеу жойқын тәсілін, сондай-ақ әртүрлі экономикалық, коммерциялық, технологиялық және басқа тұрғылардағы әлемдік үстемдіктің жалғасуының белгісі. АҚШ соңғы жеті жылда Ресейге қарсы 100-ден астам қаржылық және экономикалық санкциялар пакетін енгізді және бұл шаралар әлі де жалғасуда. Еуропалық Одақ да 2014 жылы Ресейге қарсы бірқатар экономикалық санкциялар салып, оны әр жарты жыл сайын созып отырды. Ресей Батыстың жаулық санкцияларына ұқсас жауап берді. Аға экономист Меган Грин Financial Times газетіндегі мақаласында: «Ресейге қарсы ауыр экономикалық санкциялар қаупінің тиімді болуы екіталай»,- деп жазды. АҚШ Батыстың көшбасшысы ретінде Ресей мен Қытайға қарсы жоспарланған санкцияларды қолдану арқылы екі қарсылас державаны әлсірету, сондай-ақ Мәскеу мен Бейжіңнің әртүрлі салаларда Вашингтонды басып озатын кез келген әлеуеттін жоюға күш салуда. Осыған байланысты әртүрлі жағдайларды атап өтуге болады. Оның маңызды мысалы ретінде Балтық теңізі арқылы Германияға жыл сайын 55 миллиард текше метр ресейлік газ тасымалдайтын «Северный поток-2» жылжымалы газ құбырын салу мен пайдалануының алдын алу әрекеттері - АҚШ-тың ауқымды санкциялық науқаны болып табылады. Вашингтонның газ жобасына қарсы шығу сылтауы Еуропаның Ресейге газ тәуелділігін артуы, сондай-ақ Мәскеудің Украинаның Еуропаға газ экспорттауын айналып өтуі және газ транзиттік құқығынан бірнеше миллиард доллардан айырылуы болуда. Алайда, бұл сылтаудан басқа, Ресеймен еуропалық газ нарығын өзінің табиғи сұйытылған газымен жаулап алу үшін зиянды бәсекелестікте Вашингтон Мәскеуді бұл нарықтан қууға талпынуда. Путин айтқан тағы бір мәселе – Ресейдің американдық компаниялармен келісім-шартқа отыруына қарамастан МС-21 жолаушы ұшақтың қанаттарының жеткізілмеуі. Путиннің айтуынша, бұл ұшақтардың қанаттарын Ресейге жеткізудің әскери өнеркәсіпке еш қатысы болмаса да, олар осыған байланысты санкциялар салған. Шындығында, Boeing-ті қолдау үшін Вашингтон Ресейдің МС-21 жолаушылар ұшағын жасауды аяқталуына жол бермеу үшін санкциялар енгізді, бұл зиянды бәсекелестіктің айқын белгісі.