Мәскеу Ашық аспан хаттамасының заңды күші жоғын айтты
Ресей СІМ осы елдің Treaty on Open Skies хаттамасынан ресми түрде шыққанына орай жасаған мәлімдемесінде мұндай шешім қабылдауының себептері мен қазіргі жағдайдың ауыр салдарлары туралы түсіндірді.
Осы мәлімдемеде: "АҚШ пен Ресейдің қатысуынсыз бұл халықаралық қауіпсіздік хаттамасының тиімділігі мен әсері қатты әлсірейді. Оның қолданыс аясы 80 пайызға төмендейді",-деп баса айтылған.
Ресей 2021 жылы 18 желтоқсанда "қырғи қабақ" соғысынан кейінгі кезеңде халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда маңызды рөл атқарған Ашық аспан хаттамасынан ресми түрде шығып кетті. Ресейдің бұл шарасы АҚШ-тың аталмыш хаттамадан шығуына тікелей реакция деп бағаланып отыр.
Саяси сарапшы Ричард Уэйтс: "Ашық аспан хаттамасынан шығу АҚШ-та біраз уақыттан бері талқыланып, түрлі дәлелдер келтірілген. Соның ішінде АҚШ әлемнің түрлі жерінде нақты тыңшылық жасау үшін мықты спутниктерге ие болғаны айтылды. Оның құны Ашық аспан хаттамасын орындаудан әлдеқайда азырақ болады. Бір жағынан АҚШ-тың пайымдауынша, Ресей бұл хаттаманы тиісті деңгейде орындамай отыр",-деді.
Мәскеу АҚШ-тың аталмыш хаттамадан шығуы жалған дәлелдер негізінде жүзеге асырылғанын және бұл шешімнің осы хаттамаға мүше елдердің мүдделер тепе-теңдігін бұзып, оның тиімділігіне нұқсан келтіргенін сан рет айтты. Сондықтан бұдан былай Ашық аспан хаттамасын оған мүше елдердің қауіпсіздігі мен өзара сенімін арттыратын механизм ретінде қарастыруға болмайды. Шын мәнінде АҚШ Ашық аспан хаттамасынан шығып кеткеннен кейін Ресейдің осы құжаттың тиімділігін сақтап, жұмысын жалғастыруға талпынысы еш нәтиже бермеді. Басқа жағынан осы хаттамаға мүше еуропалық елдер НАТО-ға да мүше. Олар Ресей көгінде тексеріс рейстері барысында қол жеткізілген мағлұматтарды АҚШ-қа бермейтіндерін кепілдендіргісі келмеді. Осылайша Ресей өзінің ұлттық қауіпсіздігін сақтау және әскери құпияларының таралуының алдын алу үшін осы маңызды хаттамадан шықты.
Ресей хаттамадан шыққаннан кейін осы ел мен НАТО-ның Еуропадағы текетіресі одан ары артады деп болжанып отыр. Тараптардың Украинаға қатысты қайшылықтары күшейгенін ескерсек, енді Ресей мен НАТО арасында Шығыс Еуропада әскери қақтығыс болу ықтималы бұрыннан да көбірек арта түсті. Бұған қарамастан, куәлер көрсеткендей, Ресейдің шарасы көбіне АҚШ-тың әрекетіне және хаттамаға мүше Еуропа елдерінің Мәскеуге қауіпсіздікті сақтауға кепілдік беруден бас тартқанына реакция болып отыр.