ОББ сарапшысының ескертуі: АҚШ төңкеріс пен азаматтық соғысқа бет алды
Саясаттану профессоры және Орталық барлау басқармасының (ОББ) кеңесшісі Барбара Уолтер АҚШ-тың тұрақсыздыққа, азаматтық соғысқа және мүмкін төңкерістерге қарай таңғаларлық қарқынмен жүріп жатқанын ескертті.
Калифорния университетінің профессоры Уолтер CNN арнасына берген сұхбатында американдық демократияның күйреуі мен саяси тұрақсыздықты таңқаларлық жылдамдықпен өтуде деп бағалап: «АҚШ демократиясы соңғы бес жылда барлық жағынан төмендеді, әсіресе басқа демократиялық елдермен салыстырғанда»,- деді. 30 жылдан астам уақыт бойы саяси қақтығыстарды зерттеген Уолтер бұған дейін Washington Post газетіне өзінің «Азаматтық соғыстар қалай басталады?» атты жаңа кітабына сүйене отырып: «АҚШ-тың азаматтық соғысқа тап болу ықтималы американдықтар ойлағаннан гөрі артығырақ»,- деді.