Бір ирандық NASA-ның "Джэймс-Уэбб" телескобын құрастырған ғылыми топ құрамында
https://parstoday.ir/kz/news/world-i57762-Бір_ирандық_nasa_ның_Джэймс_Уэбб_телескобын_құрастырған_ғылыми_топ_құрамында
Аризона университетінің докторы әрі "Джэймс-Уэбб" телескобын құрастырған ғылыми топтың мүшесі Айрин Шиваи осы маңызды телескопты жасауда айрықша рөл ойнады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 26, 2021 15:38 Asia/Almaty
  • Бір ирандық NASA-ның

Аризона университетінің докторы әрі "Джэймс-Уэбб" телескобын құрастырған ғылыми топтың мүшесі Айрин Шиваи осы маңызды телескопты жасауда айрықша рөл ойнады.

Айрин Шиваи Теһран университетінің бакалаврын физика мамандығы бойынша тәмамдап, Калифорнияның Riverside университетінде астрофизика мамандығы бойынша докторлық қорғады.

NASA Еуропа әуе-ғарыш агенттігі және Канаданың әуе-ғарыш агенттігімен әріптесе отырып, бір телескоп жасап жатқандарына ондаған жыл болды. "Джэймс-Уэбб" телескобын құрастыруға 10 млрд-тан аса доллар жұмсалды. Телескоптың мақсаты – үлкен жарылыстан кейін галактикалардың қалыптасу және даму үдерісін зерттеу. Ол арқылы ғаламның алыс түкпірінде осы күнге дейін түзілген алғашқы галактикаларды суретке түсіру көзделіп отыр.