Ресей жастарының АҚШ-қа жолдауы
Жел 26, 2021 16:18 Asia/Almaty
Ресей жастары АҚШ-қа жолдауында: "Ұлы Ресей гүлденіп, шарықтау үстінде",-деп мәлімдеді.
Ресейдің өнерпаз жастары Мәскеудегі АҚШ Елшілігі ғимаратының үстіне нұр түсіріп, америкалықтарға айқын жолдау жолдады. Иса Мәсіхтің туған күнімен бір мезгілде Ресейдің өнерпаз жастары Мәскеудегі АҚШ Елшілігі ғимаратының алдындағы көшеге жиналып, тарихтың бір парағын Вашингтонның есіне түсіріп: "Ұлы Ресей гүлденіп, шарықтау үстінде",-деп ескертті.
Бұл топ АҚШ-тың Кеңес одағын құлатудағы рөлін көркем прожектормен көрсетіп: "Сэм аға, Кристмас құтты болсын! 30 жыл бұрын алған үлкен сыйлықтан енді хабар жоқ",-деді.