ЭЫҰ пойызының ысқырығы Систан мен Белучистанда 12 жылдан кейін естілді
Жел 28, 2021 12:59 Asia/Almaty
ЭЫҰ жүк пойызы кеше 6500 шақырымдық Исламабад-Теһран-Стамбул теміржолымен Мирджава шекарасынан Иранға келді.
Пойыз Батыс Әзірбайжан облысындағы Рази шекарасынан Түркияға жол тартады. Пәкістан-Иран-Түркия темір жолы Оңтүстік Азия мен Еуропа арасындағы ең қысқа көлік жолы болып табылады және пойыз бұл темір жолмен жүктерді теңіз арқылы тасымалдауға кететін уақыттың жартысынан аз уақытында таымалдайды. Сондықтан оның іске қосылуымен аймақта сауда өркендейді.