АҚШ Алматыдағы консулдық қызметкерлерін шығаруды қуаттады
АҚШ Мемлекеттік департаменті Қазақстандағы соңғы оқиғаларға байланысты Алматыдағы консулдығының қажетсіз қызметкерлеріне қаладан кетуге кеңес берді.
IRNA-ның сенбі күнгі хабарлауы бойынша, АҚШ Мемлекеттік департаменті Алматыдағы АҚШ консулдығы қызметкерлерінің барлық отбасы мүшелерімен қатар қажетсіз қызметкерлердің өз еркімен қаладан кетулерін қуаттады. Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов Қазақстандағы соңғы оқиғаларды шетелдік арандатушылық деп атаған жағдайда, АҚШ Мемлекеттік департаменті Қазақстанның Алматы қаласындағы консулдығы қызметкерлерінің кетуін талап етуде. Антанов: «Ресей Қазақстандағы зорлық-зомбылықты елдің қауіпсіздігі мен тұтастығын бұзуға бағытталған шетелдік арандатушылықтардың нәтижесі деп санайды»,- деді.