Амир Абдуллахиан: Теһран-Масқат қарым-қатынасы өте терең әрі тұрақты
(last modified Mon, 10 Jan 2022 11:04:36 GMT )
Қаң 10, 2022 17:04 Asia/Almaty

Иранның Сыртқы істер министрі Иран мен Оман қарым-қатынасын тұрақты әрі өте терең деп атап: «Иран үкіметінің мақсаты – көршілес елдермен қарым-қатынасын арттыру»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан дүйсенбі күні Оманның астанасы Масқатқа барар алдында: «ИИР Парсы шығанағы аймағындағы көршілес елдермен қарым-қатынаста жақсы тәжірибеге ие. Бұл көршілермен байланысты нығайтуға көмектеседі»,-деді.

Амир Абдуллахиан транзиттік жолды қайта жандандыру туралы төртжақты келісімнің қаралып жатқанын айтып: «Иран, Оман, Түрікменстан мен Өзбекстан төртжақты келісімге қол қойды. Бұл сапарда осы келісім аясындағы әріптестік талқыланатын болады»,-деді.

Тегтер