Амир Абдуллахиан: Иран мен Ауғанстан халықтары туыстық қатынасқа ие
(last modified Mon, 10 Jan 2022 13:55:19 GMT )
Қаң 10, 2022 19:55 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Иран мен Ауғанстан халықтары туыстық қатынасқа ие

Иран Сыртқы істер министрі Иран мен Ауғанстан халықтарының туыстық қатынасқа ие екенін айтып: «Ауғанстанның қайратты халқының табандылығы ешбір шетелдік құдіреттің бұл елді жаулап, басқара алмайтынын көрсетті»,-деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан жексенбі күні Ауғанстандағы Талибан уақытша үкіметінің СІМ-нің жетекшісі молда Амирхан Моттакимен кездесуінде Талибан басшыларының біртұтас үкімет құруға оң ұстаным білдіргеніне тоқталып, осыған қатысты тиісті көрсеткіштерді қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

Амир Абдуллахиан, сондай-ақ, АҚШ пен одақтастарының 20 жыл бойы Ауғанстанда жүргізген қате саясаттарын айыптап, Ауғанстан мен көршілес елдер арасында қайшылық тудыруды АҚШ-тың аймақтағы саясатының басты мақсаттарының бірі деп атады.

Молда Амирхан Моттаки осы кездесуде ИИР-ның  43 жыл бойы ауған мигранттарын қабылдап отырғанына алғыс айтып, екі халықтың ортақтықтарына тоқталып: «ИИР әрдайым Ауғанстанның жанынан табылып келеді. Ауғанстанның жаңа үкіметі көршілес елдердің еқшайсысына қарсы емес»,-деп баса айтты.

Тегтер