Ресей Түркияға Қазақстандағы жағдайды пайдалануы туралы ескертті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i58266-Ресей_Түркияға_Қазақстандағы_жағдайды_пайдалануы_туралы_ескертті
Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілі жақында түрік басшыларының бірінің Қазақстанға қатысты мәлімдемесін айыптап, Қазақстандағы жағдайды пайдалануы туралы ескертті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 14, 2022 17:36 Asia/Almaty
  • Ресей Түркияға Қазақстандағы жағдайды пайдалануы туралы ескертті

Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілі жақында түрік басшыларының бірінің Қазақстанға қатысты мәлімдемесін айыптап, Қазақстандағы жағдайды пайдалануы туралы ескертті.

«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Мария Захарова  бейсенбі күні апталық баспасөз мәслихатында: «Біз Түркия билігінен әдейі дауыстап мәлімдеме жасаудан бас тартуын күтеміз. Қазақстандағы алаңдатарлық, күрделі және әдеттен тыс жағдай [мәселелерді шешу үшін] бірлескен күш-жігерді талап етеді және бұл жағдайды пайдалану қарастырылмауы керек»,- деді.

Бұған дейін түрік басшыларының бірі: «Қазақстан алдымен Кеңес  басып-жаншуы қысымынан құтылды, енді кейбір күштер оны қайтару қаупін алға тартып отыр», - деді.