Ресей Украинада жаппай диверсияға дайындалды деп айыпталды
Қаң 15, 2022 13:49 Asia/Almaty
АҚШ пен Украина Ресейді: "Украинада әскери операция бастамас бұрын бұл елде кең ауқымды диверсияға дайындалуда",- деп айыптады.
Пентагонның айтуынша, Мәскеу Луганск және Донецк облыстарына диверсия жасау үшін арнайы жасақ жіберді. Украина Ресейдің Молдованың Приднестровье аймағында да осындай әрекетке барғаны туралы уәжденді. Кремль бұл айыптауларды теріске шығарды.