АҚШ-тың бақылаушы ұйымының Ауғанстан туралы ескертуі әшкереленді
АҚШ-тағы жаңа құжаттардың әшкереленуі Вашингтонның Ауғанстанды белеген кезінде бұл елдің әскери-әуе күштерінің тиімділігін сақтауда немқұрайдылық білдіргенін көрсетеді.
Ауғанстанды қалпына келтіру жөніндегі АҚШ бас инспекторы (SIGAR) Джон Сопко 2021 жылдың қаңтарында және 2021 жылдың тамыз айының ортасында Талибан Кабулды бақылауға алудан бірнеше ай бұрын Пентагонға жазған хатында: «Ауғанстан әуе күштері АҚШ күштері бұл елден шыққаннан кейін белсенділігін жалғастыра алмайды»,- деп жазды. Бұл хатта АҚШ-тың Ауғанстанның қолдау көрсету қызметкерлерін оқытпағаны, сондықтан Ауғанстан әскери-әуе күштерінің америкалық мердігерлердің көмегінсіз өз ұшақтарына техникалық қызмет көрсете алмайтыны атап өтілген. Ауғанстан әуе күштерінің олқылықтың орнын толтыра алмауымен қатар, АҚШ-тың Ауғанстан күштерінің Талибанға қарсы операцияларына әуе қолдауын тоқтатуы Батыс күштері Ауғанстаннан шығарылғаннан кейін Талибан билігінің негізгі факторы болды.
2021 жылдың 8 шілдесінде АҚШ президенті Джо Байден тығырықтан шығу үшін АҚШ әскерін Ауғанстаннан дереу шығаруды бұйырды. Осыдан кейін НАТО Ауғанстаннан күштерін шығаратынын хабарлады. 31 тамызда Джо Байден АҚШ әскерлерінің Ауғанстаннан шығатын уақыты туралы мәлімдемесінен кейін Ауғанстанның әртүрлі бөліктерінде Талибанның бұл елдің армиясы мен полициясын бағындыру және әртүрлі облыстыбасып алу үшін келіссөздер түріндегі тәліптердің операциялары жеделдеді. Нәтижесінде 21 жылдың тамыз айының ортасында Кабулды басып алып, орталық үкіметті құлатты. Байден үкіметінің Ауғанстан Әскери-әуе күштеріне тиімді қолдау көрсетпеуінін әшкереленуі АҚШ-тың әскерді шығаруының айтылмаған өлшемдерін және сайып келгенде Ауғанстанның орталық үкіметінің құлауына әкелген салдарын түсіндіруге көмектеседі. Американдық саяси сарапшы Дэвид Поллак: «Бір кездері Ауғанстандағы соғыс «жақсы және қажетті соғыс» деп саналды. Алайда Ауғанстандағы серіктестігіміз артқа шегінуіміз және оның үкіметінің толық құлдырауымен аяқталды. Жиырма жылдан кейін және триллиондаған доллар жұмсағаннан кейін АҚШ кетті, ал Талибан қайтадан билікке келді»,- деді. Шындығында, АҚШ-тың Ауғанстанды басып алуы өлтіру, қирату, лаңкестіктің таралуы және Ауғанстаннан есірткі өндірісі мен контрабандасының өсуінен басқа ештеңе әкелмеді. Сонымен бірге американдық салық төлеушілердің ақшасы босқа кетіп, американдық сарбаздар өлімге ұшырады.