Оуджи: Иран мен Ресей - əлемде энергетика саласында екі маңызды ойыншы
Қаң 20, 2022 12:35 Asia/Almaty
Иранның Мұнай министрі Джавад Оуджи Твиттердегі жеке парақшасында Ресейге сапары бпрысында осы елдің Премьер-министрінің орынбасары, Энергетика министрі жəне мұнай-газ саласындағы жеке сектор өкілдерімен көптеген кездесулер өткеніне тоқталып: "Иран мен Ресей - əлемде энергетика саласында екі маңызды ойыншы. Көптеген салада əріптестік жасауға болады",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің бейсенбі күні хабарлауынша, Оуджи: "Ресейге сапар аясында өткен келіссөздерде маңызды шешімдер қабылданып, тараптар маңызды құжаттарға қол қойды",-деді.