Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Иранды безгекті жойғаны үшін мақтады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Бас директоры Иранның безгек ауруын бақылауда ұстағанын мақтай отырып: «Иранда үш жыл қатарынан безгек ауруын тіркелмеді»,- деді.
ДДСҰ Бас директорі Иранды безгекті жойғаны үшін мақтап: «Безгек – жедел инфекция ретінде көрінетін ең маңызды паразиттік ауру»,- деді. ДДСҰ Бас директоры Тедрос Адханом: «Жұқпалы аурулар саласында 2021 жыл тарихи жыл болды және ДДСҰ-ның әлемдегі алғашқы безгекке қарсы вакцинаны кеңінен қолдану туралы ұсынысымен жыл сайын ондаған мың адамның өмірін сақтап қалуға болады. Өткен жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытай мен Сальвадорды «безгексіз» елдер деп жариялады, және Иранда үш жыл қатарынан безгек ауру тіркелмеді»,- деп мәлімдеді.