Иран АҚШ-қа ауыр су сатады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i5851-Иран_АҚШ_қа_ауыр_су_сатады
"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының іске асуын қадағалау штабының басшысы Иранның АҚШ-қа ауыр су сатуына байланысты келісімге қол қойылғанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 23, 2016 11:52 Asia/Almaty
  • Иран АҚШ-қа ауыр су сатады

"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының іске асуын қадағалау штабының басшысы Иранның АҚШ-қа ауыр су сатуына байланысты келісімге қол қойылғанын хабарлады.

"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының іске асуын қадағалау штабының басшысы Иранның АҚШ-қа ауыр су сатуына байланысты келісімге қол қойылғанын хабарлады.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының іске асуын қадағалау штабының басшысы Аббас Арақчи жұма күні Иран мен "алтылық" тобының бірлескен комиссиясының америкалық бір компаниямен ауыр су сату келісімшартына қол қойғанын мәлімдеді.

Арақчи Иран мен "алтылық" тобының бірлескен комиссияның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы жүзеге асырылғаннан соң өткен алғашқы отырысы аяқталғаннан кейін сөйлеген сөзінде: "Арак кешенінің 32 тонна ауыр суын сату келісімшартына қол қою туралы келіссөздері үш айға созылып, ақыры бүгін аяқталып, келісімге қол қойылды. Иран мен "алтылық" тобының бірлескен комиссияның отырысында кейбір елдер келісімшарт жасасу мәселесіне қызығушылық танытты" деді.