Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанда электр тоқ өшті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i58510-Қазақстан_Өзбекстан_және_Қырғызстанда_электр_тоқ_өшті
Сейсенбі күні Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшылары бұл елдердегі электр тоғының өшуі Орта Азияның үш еліндегі негізгі инфрақұрылымның жұмысына әсер еткенін хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 25, 2022 16:46 Asia/Almaty
  • Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанда электр тоқ өшті

Сейсенбі күні Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшылары бұл елдердегі электр тоғының өшуі Орта Азияның үш еліндегі негізгі инфрақұрылымның жұмысына әсер еткенін хабарлады.

Қазақстанның экономикалық астанасы Алматының, сондай-ақ Өзбекстан астанасы Ташкент пен Қырғызстан астанасы Бішкектің үлкен бөлігінде электр тоқ өшті. Қырғызстанның энергетика министрлігінің өкілі электр қуатының өшуі аймақтың энергетикалық жүйесіне әсер еткен оқиғаға байланысты екенін айтты. Өзбекстанның Энергетика министрлігі мәлімдеме жасап, оқиғаның Қазақстанның электр желісіндегі апатқа байланысты болғанын жариялады. Қазақстанның Энергетика министрлігі елде электр қуатының қосылғанын хабарлады.