Миннеаполисте АҚШ полициясы тағы бір қара нәсілді өлтірді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i58774-Миннеаполисте_АҚШ_полициясы_тағы_бір_қара_нәсілді_өлтірді
22 жастағы қара нәсілді жігіт Миннеаполистегі пәтеріне полиция рейд кезінде атып өлтірілді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 05, 2022 10:53 Asia/Almaty

22 жастағы қара нәсілді жігіт Миннеаполистегі пәтеріне полиция рейд кезінде атып өлтірілді.

2013 жылдан бері «Полицияның зорлық-зомбылығын картаға түсіру» деректеріне сәйкес, жыл сайын 1100 американдық полиция зорлық-зомбылығынан қаза тапты.

Fars News ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Миннесота штатындағы Миннеаполис полиция департаменті бейсенбі күні ер адамның полицияның үш оғынан қаза тапқанын көрсететін бейнежазба жариялады. 22 жастағы жігіттің отбасының адвокаттары оның өлтірілуін Джордж Флойдтың өлімімен салыстырып, қолда бар ақпараттың  полицияға қорғалушының үйін іздеу ордері мүлде берілмегенін көрсеткенін мәлімдеді.