Путиннің Қытайға сапары және екі ел басшыларының бірлескен мәлімдемесі
https://parstoday.ir/kz/news/world-i58782-Путиннің_Қытайға_сапары_және_екі_ел_басшыларының_бірлескен_мәлімдемесі
Ресей Президенті Владимир Путин жұма күні соңғы екі жылда алғаш рет Қытайға сапармен аттанып, Бейжіңде қытайлық әріптесі Си Цзиньпинмен кездесті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 05, 2022 13:03 Asia/Almaty
  • Путиннің Қытайға сапары және екі ел басшыларының бірлескен мәлімдемесі

Ресей Президенті Владимир Путин жұма күні соңғы екі жылда алғаш рет Қытайға сапармен аттанып, Бейжіңде қытайлық әріптесі Си Цзиньпинмен кездесті.

Кездесу барысында Ресей мен Қытай басшылары екіжақты, аймақтық және жаһандық маңызды мәселелерді талқылады. Кездесу барысында Путин Ресейдің Қытаймен тығыз қарым-қатынасын «бұрын-соңды болмаған» деп атады. Си Цзиньпин Қытай мен Ресейдің әлемдегі өздерінің негізгі мүдделерін қорғау талпыныстарын қолдайтынын айтты. Сондай-ақ Ресей мен Қытай басшылары екі ел арасындағы халықаралық қатынастардың жаңа дәуірге енуі және тұрақты даму туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Екі ірі халықаралық держава Ресей мен Қытай соңғы жылдары ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ АҚШ-тың біржақты саясаты мен әрекеттеріне қарсы біртұтас ұстанымда маңызды қадамдар жасады және жаңа халықаралық тәртіптің негізі ретінде көпжақты көзқарасқа шақыруда. Мәскеу мен Пекин халықаралық оқиғалар мен әлемдік жүйенің шындығы көпполярлық жүйеге көшуді растайды деп санайды. Ал АҚШ, әсіресе   Дональд Трамптың президенттігі кезінде, бірполярлық жүйені сақтауды талап етіп, өз мақсаттары мен ұмтылыстарын біржақтылық арқылы жүзеге асыру үшін жаһандық полиция рөлін ойнауға талпынды. Осыны баса айта отырып, екі елдің жоғары лауазымды тұлғалары екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытып, қалыптасып келе жатқан әлемдік державалар арасындағы ынтымақтастықты арттырғысы келеді. Әрине, мысал ретінде Ресей, Қытай, Үндістан, Бразилия және Оңтүстік Африка елдерінен құрылған БРИКС тобын атап кетуге болады.  Қазір Ресей мен Қытай арасында экономикалық, сауда, әскери, қауіпсіздік, қару-жарақ, саяси және дипломатиялық қарым-қатынастар кеңінен орнатылды. Сонымен қатар, екі елдің Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен БРИКС тобы сияқты аймақтық және халықаралық ұйымдар мен институттарға қатысуы     Батыстың үстемдігі мен АҚШ-тың әртүрлі салалардағы агрессиясына қарсы тұру үшін аймақтық және жаһандық ынтымақтастықты нығайту қажеттілігіне бірдей көзқарастарды көрсетеді.