Амир Абдуллахиан: Кепілдік алу – Иран үшін Вена келіссөздеріндегі басты мәселелердің бірі
Иран Сыртқы істер министрі Иранның санкцияларды жою жөніндегі келіссөздер тобының негізгі мәселелерінің бірі кепілдік алу екенін мәлімдеді.
Хұсейн Амир Абдоллахиан сенбі күні Иран Сыртқы істер министрлігінің министрі мен жоғары лауазымды қайраткерлерінің келісімін жаңарту аясында имам Хомейни кесенесінде Ислам революциясының негізін қалаушысына адалдығын білдіру рәсімі аясында журналистердің алдында Вена келіссөздері туралы: «Иранның санкцияларды алып тастаудағы басты мәселелерінің бірі – кепілдік алу. Иран бұл күндері делдалдар арқылы хабарламалар жіберетін АҚШ жағына олардың өздерінің ізгі ниеттерін іс-әрекетте көрсетулері керек екендігі жариялады. Санкциялардың кейбірін нақты мағынада алып тастау американдықтар үшін ізгі ниетке айналуы мүмкін. Олар бұл туралы айтады, қағаз бетіне жазып жатқаны жақсы, бірақ жеткіліксіз»,- деді.