Лариджани: ЭЫҰ аймағындағы халықтардың ортақ мақтаныштары оқулық кітаптарына енуі тиіс
https://parstoday.ir/kz/news/world-i58824-Лариджани_ЭЫҰ_аймағындағы_халықтардың_ортақ_мақтаныштары_оқулық_кітаптарына_енуі_тиіс
Ислам революциясы жетекшісінің кеңесшісі: "ЭЫҰ аймағындағы халықтардың ортақ тарихи жəне мəдени мақтаныштары келешекте аймаққа ықпал етуі үшін оқулық кітаптарына енуі тиіс",-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 07, 2022 16:24 Asia/Almaty
  • Лариджани: ЭЫҰ аймағындағы халықтардың ортақ мақтаныштары оқулық кітаптарына енуі тиіс

Ислам революциясы жетекшісінің кеңесшісі: "ЭЫҰ аймағындағы халықтардың ортақ тарихи жəне мəдени мақтаныштары келешекте аймаққа ықпал етуі үшін оқулық кітаптарына енуі тиіс",-деді.

ЭЫҰ Мəдени институтыны баспасөз қызметінің хабарлауынша, Əли Лариджани жексенбі күні ЭЫҰ Мəдени институтынының басшысы Сарвар Бахтимен сұхбатында осы институттың көне өркениетке ие халықтардың ортақ мəдениетін түсіндіріп, таныстыруда маңызды рөл ойнайтынын айтып: "Жастар арасында мəдени алшақтықтың туындағанына алаңдаушылықтарға баса назар аудару керек",-деді.Лариджани, сондай-ақ, ортақ тарихи болмысты қайта жандандыру үшін үлгі қалыптастыру қажеттігін баса айтты.Сарвар Бахти да осы кездесуде Шығыс жастары арасында туындаған болмыстық дағдарысқа қатысты алаңдаушылықтың артқанына тоқталып: "Шығыс болмысын қайта жандандыруға аймақ халықтарының мақтанышқа толы тарих пен мәдениеттен алшақтай түскенімен күресу жолындағы айрықша стратегия ретінде көңіл аударуымыз керек",-деді.