Reuters: Иранның мұнай экспорты тәулігіне миллион баррельден асты
Мұнай ағынын бақылайтын Petro Logistics консалтингтік компаниясы 2021 жылдың желтоқсан айында Иранның шикі мұнай экспорты тәулігіне 1 миллион баррельден асқанын жариялады. Бұл соңғы үш жылдағы экспорттың ең жоғары деңгейі. Алайда бұл экспорт 2022 жылдың қаңтарында тәулігіне шамамен 700 мың баррельге дейін төмендеді.
Reuters агенттігінің бейсенбі күні Иранның АҚШ санкцияларына қарамастан мұнай экспортын жалғастыра алғанына тоқталып: «Мұнай экспорты мен импортын бақылайтын компаниялар Иранның мұнай экспортының басым бөлігі Қытайға жіберілетінін жариялады»,- деп хабарлады. Әлем деңгейінде мұнай қойылған шектеулер оның бағасын барреліне 94 долларға жеткізді, бұл соңғы жеті жылдағы ең жоғары деңгей.