Еуропада коронавирусқа қатысты жаңа ережелер енгізілді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i58956-Еуропада_коронавирусқа_қатысты_жаңа_ережелер_енгізілді
Кейбір еуропалық елдерде коронавирусқа қатысты енгізілген жаңа ережелерге қарсы наразылықтармен бір мезгілде Нидерланды халқы да митингке шықты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 13, 2022 16:16 Asia/Almaty

Кейбір еуропалық елдерде коронавирусқа қатысты енгізілген жаңа ережелерге қарсы наразылықтармен бір мезгілде Нидерланды халқы да митингке шықты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, нидерландылық камазшылар сенбі күні кешке коронавирусқа қарсы жаңа ережелерге наразылық ретінде елдің барлық қалаларынан Гаагаға қарай жол тартып, шерушілерге қосылды. 

Гаага шеруіне қатысқан адам Iran Press-ке: "Бізге еркіндік керек. Нидерландыда қазір азаттық жоқ",-деді.