Тайлықтар шошқа еті қымбат болғандықтан қолтырауын етін жеуге кірісті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i58966-Тайлықтар_шошқа_еті_қымбат_болғандықтан_қолтырауын_етін_жеуге_кірісті
Шошқа етінің қымбаттығы тайлықтарды қолтырауын етін жеуге мəжбүрледі.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 13, 2022 20:41 Asia/Almaty

Шошқа етінің қымбаттығы тайлықтарды қолтырауын етін жеуге мəжбүрледі.

Бұрынғы заманда қолтырауынның терісі сөмке, аяқ киім мен белбеу жасауға қолданылып, еті экспортталатын.

Шошқалар арасында ауру таралып, ет азайғаннан кейін қолтырауын еті Тайланд халқының азығының ажырағысыз бөлігіне айналған сыңайлы.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Тайландтың түкпір-түкпірінде қолтырауын етін сату артып, қолтырауын өсірушілердің жұмысы қыза түсті.

Тайландта шошқа еті қымбаттағандықтан қолтырауын еті түрлі тағам, соның ішінде гамбургер мен стейк жасауға қолданылып жатыр.