АҚШ-тағы баспанасыздар
Ақп 14, 2022 17:59 Asia/Almaty
Сан-Францискода баспанасыздар мәселесі өршігені соншалықты, қала басшылары халықтан әрбір жанұя кемінде бір баспанасызды өз үйінде орналастырып, қарайлауын сұрады.
Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сан-Францискодағы кейбір қайырымдылық ұйымдары қала көшелеріндегі баспанасыздардың жағдайына алаңдаған жанұялардан осы мәселеге қатысты тікелей шара қолданып, баспанасыздарды өз үйлерінде орналастыруды сұрады.
Сан-Францискода 30 мыңнан аса баспанасыз бар. Ал Калифорния штатында жалпы 160 мың адам баспанасыз жүр.