Ресей Украинадағы соғыстың алдын алуға талпынатынын қуаттады
Ақп 16, 2022 16:17 Asia/Almaty
РФ Федерация кеңесінің басшысы: «Ресей Украинадағы соғыстың алдын алу үшін бар күш-жігерін салады», - деп мәлімдеді.
Батыс ақпарат құралдары мен басшыларының жанжалдарына қарамастан, Ресей сан рет Украинаға шабуыл жасау туралы тақырыпты жоққа шығарды. Ресей Президенті Владимир Путин өзінің соңғы мәлімдемесінде Ресейдің соғысты (Еуропа мен Украинада) қаламайтынын мәлімдеді. Валентина Матвиенко сәрсенбі күні: «Украинамен соғыс бастау идеясының өзі қорқынышты және Ресей мұндай соғыстың алдын алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Біздің позициямызды Ресей президенті Владимир Путин анық айтты және біз Украинамен соғысты болдырмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», - деді.