Путин Ресейдің Украинамен соғысқысы келмейтінін қуаттады
(last modified Wed, 16 Feb 2022 14:26:12 GMT )
Ақп 16, 2022 20:26 Asia/Almaty
  • Путин Ресейдің Украинамен соғысқысы келмейтінін қуаттады

Ресей Президенті Владимир Путин сейсенбі күні Кремльде Германия Канцлері Олаф Шульцпен кездескеннен кейін баспасөз мәслихатында Батыстан Ресей шекараларында шабуылдау қаруын орналастырудан бас тартуға және НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюін тоқтатуға шақырғанын айтты.

 

Путин Украинаның шығысындағы жағдайға тоқталып: «Донбасста болып жатқан оқиға – геноцид. Киев үкіметі адам құқығын әртүрлі жолдармен, соның ішінде Украинаның орыстілді тұрғындарын кемсіту арқылы жүйелі түрде бұзуда»,- деді. Путин Ресей Думасының Донецк пен Луганскінің тәуелсіздігін мойындаған қарарының қабылдануына тоқталып, Минск келісіміне әлі де үміттенетінін және оны жүзеге асыруға әлі де кеш емес екенін мәлімдеді. Путиннің Ресейдің Украинамен соғысқысы келмейтінін  қуаттауы шын мәнінде Батыстың, әсіресе АҚШ-тың Ресейдің Украинаға шабуыл жасауға толық дайын екендігі туралы кең таралған психологиялық соғысы мен үгіт-насихатына реакция болып табылады.  НАТО-ны басшысы ретінде АҚШ бұл салада маңызды рөл атқарған және тіпті Вашингтон басшылары шабуылдың сәрсенбі, 16 ақпанда болатынын мәлімдеді. Алайда Мәскеудің көзқарасы бойынша, бұл уәждер АҚШ пен оның НАТО-дағы одақтастары үшін Украинаны одан әрі қаруландыру және Шығыс Еуропадағы, сондай-ақ Ресейдің іргелес теңіздері, Қара және Балтық теңіздеріндегі әскери қатысуын арттыру үшін сылтау болып табылады. Ресей Қорғаныс министрлігі сейсенбі күні Беларусьтегі бірқатар ресейлік әскерилердің әскери жаттығулары аяқталып, кері қайтару процесі басталғанын хабарлады. Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова Батыстың Ресейдің Украинаға қарсы соғыс бастағаны туралы үгіт-насихатының сәтсіздікке ұшырағанын айтты.

Дегенмен, Вашингтон бұрынғы талаптарын қайталауды жалғастыруда. АҚШ Президенті Джо Байден  сейсенбі күні кешке сөйлеген сөзінде: «Ресейдің Украинаға басып кіруі әлі де мүмкін және біз дипломатияға Украина дағдарысын жеңу үшін барлық мүмкіндіктерді беруіміз керек. Шиеленісті бәсеңдетіп, Ресей Украинадағы әскерилерін  шығаруы керек»,- деді.  АҚШ-тың арандатушылық және жаугершілік көзқарасына қарамастан, Еуропаның ірі елдері, әсіресе Германия мен Франция Шығыс Еуропадағы соғыстың апатты салдарына алаңдаулы. Сондықтан екі ел басшылары Ресейге барып, Путинмен келіссөздер жүргізіп, дипломатиялық талпыныстар жасалды. Еуропалықтар Ресей мен Украина арасындағы шиеленісті бәсеңдетіп, жағдайды тыныштандыруды қалайды, ал АҚШ Шығыс Еуропадағы шиеленістің отын үнемі жағып отыр.

 

Тегтер