Нарықта шикі мұнай бағасы артты
Украинаға қатысты текетірестер күшейіп, шикі мұнай саласында алаңдаушылық артқан соң əлем нарығында қара алтынның бағасы тағы көтерілді.
Сарапшылардың пікірінше, Украина жерінде қақтығыс болу ықтималына қатысты текетірес күшейіп, əлемдік сахнада қиындықтар туындайтынына қорқыныш пайда болған соң мұнай бағасы көтерілді.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Солтүстік теңіздегі бренд мұнайының бағасы бүгін 1,6 пайызға артып, барреліне 94 доллар 81 центке жетті.АҚШ-тың West Texas Independent шикі мұнай бағасы 1,7 пайызға артып, барреліне 93 доллар 66 центке сатылды.
Сейсенбі күні шикі мұнай бағасы Мəскеудің Украинаға шабуыл жасау ықтималы артқаннан кейін өткен 7 жылда болмаған рекорд тіркелді.
Сарапшылардың сенімінше, Иранға қарсы санкциялар жойылған жағдайда əлемдік нарықтарда шикі мұнай саласында тепе-теңдік орнауы мүмкін.