Амир Абдоллахиан: Қарсы тараптар келіссөздерді медиа кеңістікке жеткізбеуі керек
Иран Сыртқы істер министрі Венадағы санкцияларды жою келіссөздерінің тараптарына соңғы қадамдарда қате есептемеуге және келіссөздерді ақпарат құралдарына жеткізбеуге кеңес берді.
Fars News агенттігінің мәліметі бойынша, Мюнхенде сапармен жүрген Хұсейн Амир Абдоллахиан жұма күні кешке 58-ші Мюнхен қауіпсіздік конференциясы аясында Германия Сыртқы істер министрі Анналена Бербокпен кездесуінде «егер бүгін Иранның заңды талаптары ескерілсе, Венада келісімге келуге болады» деп тоқталып, келіссөздерінің тараптарына соңғы қадамдарда қате есептемеуге және келіссөздерді ақпарат құралдарына жеткізбеуге кеңес берді. Анналена Бербок Венадағы ілгерілеуді шолған: «Келіссөздер маңызды кезеңде және барлық тараптар мұны мүмкіндігінше тезірек аяқтап, жаңа тарауды ашу үшін бар күш-жігерін салуы керек», - деді.