Раиси Катарға аттанды
Иран Президенті Газ экспорттаушы елдер ұйымының саммитіне қатысу мақсатында бүгін, дүйсенбі екі күндік іссапармен Катарға аттанды.
Ибраһим Раиси тілшілерге берген сұхбатында Катарға сапарының мақсаттары жайлы: "Бұл сапар Катар әмірінің шақыруымен екі мақсатта жүзеге асады. Бірінші мақсат - дос әрі бауырлас ел Катармен екіжақты қарым-қатынасты дамыту, екінші мақсат - Газ экспорттаушы елдер ұйымының саммитіне қатысу",-деді.
Иран Президенті: "Иран Парсы шығанағы маңындағы елдермен көршілестік дипломатиясын жандандыруда бүгінгі сапарды осы елдер арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, олардың әлеуеттерін, әсіресе ортақ газ кеніші бар Катар елімен саяси экономикалық байланысты дамыту жолындағы маңызды қадам деп білеміз",-деді.
Раиси, сондай-ақ, газ экспорттаушы елдермен ынтымақтастық туралы: "Бұл ұйым Иранның бастамасымен құрылды",-деді.