Ақп 21, 2022 18:31 Asia/Almaty
  • Хатибзаде: Иран Вена келіссөздерінде Еуропа мен АҚШ-тың шешімін күтіп отыр

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: "Вена келіссөздерінде айтарлықтай ілгерілеушілік байқалды. Иран енді Еуропа мен АҚШ-тың шешімін күтіп отыр",-деді.

Саид Хатибзаде дүйсенбі күні апталық баспасөз конференциясында Венада өтіп жатқан Иранға қарсы санкцияларды жоюға қатысты келіссөздердің жалғасуы туралы: "Қарсы тараптың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне қайшы келетін және арнайы белгі салынған барлық санкциялар жойылуы тиіс. Иран осы принципке табандылық танытып отыр",-деді.

Хатибзаде сионистік режим Премьер-министрінің Венадағы ықтималды келісім туралы сөздеріне қатысты: "Сионистік режим басшыларының сөздері АҚШ пен Еуропа елдеріне бағытталған. Олардың сөздері әдетте дипломатияға қарсы әрекеттер жасап, Батыс басшыларына әсер ету үшін психологиялық соғыс жүргізуге бағытталған",-деді.

Тегтер