Ресейдің шешіміне реакциялар
https://parstoday.ir/kz/news/world-i59178-Ресейдің_шешіміне_реакциялар
Владимир Путиннің Донецк пен Луганск республикаларының тәуелсіздігін тану туралы жарлығы НАТО мен Еуропалық Одақтың реакцияларымен бете-бет келді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 22, 2022 12:22 Asia/Almaty

Владимир Путиннің Донецк пен Луганск республикаларының тәуелсіздігін тану туралы жарлығы НАТО мен Еуропалық Одақтың реакцияларымен бете-бет келді.

Владимир Путин Луганск пен Донецктің тәуелсіздігіні ресми танығаннан кейін НАТО Мәскеуді дипломатияны таңдауға шақырды. Бұл ұйым Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдайтынын жариялады. Еуропалық Одақ (ЕО) "Ресейдің Донецк пен Луганскінің тәуелсіздігін мойындау әрекетіне қатаң санкциялармен жауап беретінін" мәлімдеді.

Федерация Кеңесі Халықаралық комитеті төрағасының орынбасары Андрей Климов: «Ресей Луганск пен Донецкті қазір белгіленген шекарада таниды. Бұл республикалармен достық және ынтымақтастық келісімдерін ратификациялау мәселесі 22 ақпанда Федерация Кеңесінде қаралып, бекітіледі»,- деді.

Донецк пен Лугансктен түскен хабарлар бойынша, бұл аймақтың  халқы республикаларының тәуелсіздігін мойындалған күнді   тойлады.