Кабулдағы антиамерикандық шерулер ауған халқының ақшасын босатуды талап етті
Ақп 23, 2022 12:25 Asia/Almaty
Ауған жастары мен спортшылары сәрсенбі күні Кабулда АҚШ-қа қарсы шерулер өткізіп, АҚШ-тан ауған халқының ақшасын босатуды талап етті. Олар «АҚШ-қа-өлім» деп ұранданды.
Ауғанстан спортшылары мен жастары БҰҰ-ның Кабулдағы кеңсесі алдында АҚШ-тың ауған халқының мүлкін ұрлау әрекетін айыптаған қарарды оқып, АҚШ-тың бұл әрекетін халықаралық заңдарға қайшы деп атады.
Бұған дейін де Ауғанстан халқы шерулер өткізіп, АҚШ үкіметінің ауған активтерін блокадаға алуын және олардың бір бөлігін 11 қыркүйек құрбандарының отбасыларына бөлуін айыптаған болатын.




