Иран мұнайы 5 долларға қымбаттады
(last modified Fri, 25 Feb 2022 09:11:32 GMT )
Ақп 25, 2022 15:11 Asia/Almaty
  • Иран мұнайы 5 долларға қымбаттады

Ресей мен Украина арасында қақтығыс басталуымен бір мезгілде әлемдік нарықта Иранның ауыр шикі мұнайының бағасы 4 доллар 93 центке қымбаттап, барреліне 96 доллар 8 центке жетті.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей мен Украина арасында әскери қақтығыс басталуы салдарынан кеше шикі мұнай бағасы 105 долларға дейін көтерілді, бүгін қайта түсті.

Brent шикі мұнай бағасы 3 долларға арзандап, барреліне 101 доллар 63 центке жетті.

West Texas Intermediate шикі мұнайының бағасы да бүгін 2 долларға түсіп, барреліне 95 доллар 24 центке сатылды.

Тегтер