Амир Абдуллахиан: Келісімнің мəтінін талқылап жатырмыз
Ақп 27, 2022 16:00 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі келісім мəтінінің жіті талқыланып жатқанын айтып: "Келіссөз тараптарының шынайы ерік-жігері болса, тез арада жақсы келісімге келуге болады",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан сенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында: "Біз келісімнің мəтінін байсалды түрде талқылап жатырмыз. Бүгін Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы əрі Вена келіссөздеріндегі аға үйлестіруші Жозеп Боррельмен телефон арқылы сұхбаттастық",-деп жазды.
Ол: "Олар шынайы ерік-жігер танытса, тез арада жақсы келісімге келуге болады",-деді.