Амир Абдуллахиан: Келісімнің мəтінін талқылап жатырмыз
(last modified Sun, 27 Feb 2022 10:00:24 GMT )
Ақп 27, 2022 16:00 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Келісімнің мəтінін талқылап жатырмыз

Иран Сыртқы істер министрі келісім мəтінінің жіті талқыланып жатқанын айтып: "Келіссөз тараптарының шынайы ерік-жігері болса, тез арада жақсы келісімге келуге болады",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша,  Хұсейн Амир Абдуллахиан сенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында: "Біз келісімнің мəтінін байсалды түрде талқылап жатырмыз. Бүгін Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы əрі Вена келіссөздеріндегі аға үйлестіруші Жозеп Боррельмен телефон арқылы сұхбаттастық",-деп жазды.

Ол: "Олар шынайы ерік-жігер танытса, тез арада жақсы келісімге келуге болады",-деді.

Тегтер