Украинаның Еуроодаққа мүшелік туралы өтінішін қабылдау - Киев үшін Батыстың тұзағы
(last modified Wed, 02 Mar 2022 14:31:56 GMT )
Нау 02, 2022 20:31 Asia/Almaty
  • Украинаның Еуроодаққа мүшелік туралы өтінішін қабылдау - Киев үшін Батыстың тұзағы

Еуропарламент Украинаның Еуроодаққа қосылу туралы өтінішін 637 «оң», 13 «қарсы» және 26 «қалыс» дауыспен қабылдады.

 

Еуропарламенттің Украинаның өтінішін қабылдауы Киевтің одаққа мүшелігін білдірмейді, бірақ бұл дауыс беру Украинаның қосылу үдерісінің басталғанын білдіреді. Негізінде Еуропалық Одаққа мүшелікке үміткер ел Копенгаген критерийлері деп аталатын әртүрлі шарттарға сай болуы керек. Бұл критерийлерге еркін экономика, тұрақты демократия және заң үстемдігі, ЕО-ның барлық заңдарын, соның ішінде еуроны қабылдау кіреді. Украинаның Еуропалық Одаққа мүше болу туралы өтінішін қабылдау басшыларын Ресеймен ымыраға келмеуге және атысты тоқтатуды қабылдамауға итермелеуге бағытталған саяси және үгіт-насихат әрекет болып көрінеді. Еуропалықтар қазіргі соғысты одан әрі тұтандырып, Брюссельдің пікірінше, ресейліктер Украинадағы соғыс батпағына тереңірек батып кетеді деп есептейді. Ресей Сыртқы істер министрлігі сейсенбі күні Еуропалық Одақтың Украинадағы оқиғалардағы рөлі туралы мәлімдеме жасап: «Бейбітшілікті талап еткенімен, Еуроодақ конституциясына қарсы төңкеріс арқылы Киевтің қазіргі саяси жағдайын қалыптастыруда маңызды рөл атқарды»,- деп жариялады. Мәлімдемеде 2014 жылы Еуроодақ пен АҚШ-тың саяси, материалдық және бұқаралық ақпарат құралдарының қолдауымен батысшыл наразылық білдірушілердің Украинаның Ресей тараптас президенті Виктор Януковичті биліктен кетіріп, Украинада батысшыл үкімет орната алған оқиғаларға сілтеме жасалған.

Саясаттанушы Иво Далдер «Foreign Affairs» журналындағы мақаласында. «Ресейді тежеу ​​(стратегиясына) оралу Украина соғысының тез аяқталуына әкелмейді. Бұл қосымша шараларды қажет етеді, оның ішінде Украинаны өз аумағын қорғау үшін қажетті әскери техникамен қамтамасыз ету және Ресейдің елдің бір бөлігін немесе бүкіл жерін  басып алуына қарсы тұруды»,- деді.   Украинаның Еуропалық Одаққа мүше болуы туралы уәде өте көп уақытты қажет ететін процесс және Киевтің көптеген шарттарды орындауына байланысты екенін есте ұстаған жөн.  Бұл АҚШ пен оның НАТО-дағы одақтастарының Украина басшыларына НАТО-ға мүше болу туралы берген уәдесіне өте ұқсас.