Германия Ресеймен екі жақты сұхбатқа дайын
https://parstoday.ir/kz/news/world-i5938-Германия_Ресеймен_екі_жақты_сұхбатқа_дайын
Германия Сыртқы істер министрі елінің Ресеймен келіспеушіліктерді доғару үшін екі жақты сұхбаттасулар өткізуге мүдделік танытатынын мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 23, 2016 15:09 Asia/Almaty
  • Германия Ресеймен екі жақты сұхбатқа дайын

Германия Сыртқы істер министрі елінің Ресеймен келіспеушіліктерді доғару үшін екі жақты сұхбаттасулар өткізуге мүдделік танытатынын мәлімдеді.

Германия Сыртқы істер министрі Франк Вальтер Штайнмайер Ресейге жасаған сапары аясында Ресейдің Еуропамен көршілестігін маңызды деп атап: «Германия еуропалық ел ретінде Ресеймен қос жақты сұхбаттар өткізуді қалайды, өйткені сұхбаттасу халықаралық мәселелерді шешу үдерісіне оң әсерін тигізе алады» деді.

Штайнмайер НАТО кеңесі мен Ресей отырыстарының басталғанына сілтеме жасап, Германия үшін осы келіссөздердің қайтадан басталуының оң үндеуге ие екендігін айтты.

Украина дағдарысы Батыс пен Ресей арасындағы келіспеушілікті арттырып, Мәскеудің сегіздік тобынан (G8) шығып кетуіне ұласты.

Штайнмайердің айтуынша, Берлин кейбір шарттармен Ресейдің сегіздік тобына (G8) оралуын қолдайды.