Тахтраванчи: БҰҰ-ның Ресейге қарсы қарары бейтарап емес
https://parstoday.ir/kz/news/world-i59396-Тахтраванчи_БҰҰ_ның_Ресейге_қарсы_қарары_бейтарап_емес
Иранның БҰҰ-дағы өкілі осы ұйым Бас ассамблеясы қарар қабылдағаннан кейін: "Бұл ассамблеяға ұсынылған қарарда бейтараптық пен мəселелерді бейбіт жолмен шешудің реалистік механизмі жоқ",-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 03, 2022 19:31 Asia/Almaty

Иранның БҰҰ-дағы өкілі осы ұйым Бас ассамблеясы қарар қабылдағаннан кейін: "Бұл ассамблеяға ұсынылған қарарда бейтараптық пен мəселелерді бейбіт жолмен шешудің реалистік механизмі жоқ",-деді.

БҰҰ Бас ассамблеясы ұсынған қарарға 80 оң дауыс беріліп, Ресейдің Украинадағы арнайы əскери операциясын айыпталып, Ресей күштерінің Украинадан шұғыл түрде шығуы талап етілді.

БҰҰ Бас ассамблеясының қарары 141 оң, 5 теріс жəне 35 қалыс дауыспен қабылданды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Маджид Тахтраванчи сəрсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясының Украина дағдарысына қатысты төтенше отырысының үшінші күнінде қарар дауысқа салынғаннан кейін: "Иран Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты зор алаңдаушылықпен бақылап отыр",-деді.

Ол БҰҰ-ның барлық мүшелерінің қарарды дайындауға қатыса алмағанын айтып: "Барлық елдердің егемендігі мен аумақтық тұтастығына толық құрметпен қарап, бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігіне кепілдік берілуі тиістігін баса айтамыз",-деді.