Украинадағы қақтығыстың он үшінші күні
https://parstoday.ir/kz/news/world-i59504-Украинадағы_қақтығыстың_он_үшінші_күні
Ақпарат көздері. Ресейдің Украинаның кейбір аймақтарында бүгін таңертеңнен атысты тоқтату туралы жариялағанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 08, 2022 11:55 Asia/Almaty

Ақпарат көздері. Ресейдің Украинаның кейбір аймақтарында бүгін таңертеңнен атысты тоқтату туралы жариялағанын хабарлады.

Бұл жаңалықтың егжей-тегжейлері әлі жарияланған жоқ, бірақ кешеден бері Ресейдің Украинадағы шабуылдары азайды. Киев, Харьков, Мариуполь және Сума қалаларында бейбіт тұрғындарды Ресейге эвакуациялау үшін  гуманитарлық өткелдер орнатылған, бірақ Украина үкіметі бұл әрекетті жоққа шығарды. Ал, Украинаның оңтүстігіндегі Одесса портында бұл елдің азаматтары Мәскеуді қолдап, Ресей туын көтеріп, шеруге шықты.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Украинадағы гуманитарлық жағдайға арналған отырыс өткізді. Отырыста АҚШ өкілі Ресейді қалаларды атқылады деп айыптады. Бірақ ресейлік өкіл бұл айыптауларды жоққа шығарып, украиндық экстремистердің бейбіт тұрғындарды кепілге алып, халықты  қалқан ретінде қолдануы туралы мәлімдеді. Сондай-ақ кеше Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің үшінші раунды өтіп, бүгін жалғасуы жоспарланған.