Нью-Делиде Низамидің «Хамса» кітабының көшірмесі көрсетілді
Нау 08, 2022 12:55 Asia/Almaty
Низамидің «Хамсасының» (Бес қазына) ең керемет көшірмесін көрсету салтанаты Иран және Үндістан басшыларының қатысуымен өтті.
Бұл көшірме Нью-Делидегі ИИР Мәдени орталығының «Нур» халықаралық микрофильмдер орталығында жасалды. Оның 100 данасы әлемнің ірі кітапханаларына тапсырылады. Хаким Низамидің «Хамса» еңбегінің бұл нұсқасы Үндістандағы император Акбар Шахтың тұсында жазылған ең керемет нұсқа. Парсы тіліндегі мәтіннің жақсы каллиграфиясынан басқа, бұл қолжазба моңғол стиліндегі қырықтан астам жоғары сапалы миниатюралар үшін үлкен маңызға ие.