Еуропалық үштік: Біз Венадағы келісімді аяқтауға жақынбыз
Ұлыбритания, Франция және Германия Атом қуаты халықаралық агенттігі (АҚХА) Басқарушылар кеңесінің отырысында ортақ мәлімдеме жасап, екі жақтың Вена келіссөздерінде келісімді аяқтауға өте жақын екенін мәлімдеді.
Fars News ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, үш ел Батыс елдерінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты қандай қадамдар жасауы қажет екенін айтпай-ақ, Ираннан ядролық келісімді «қайта іске асыруға» дайындалуды сұрады. Бұған дейін АҚШ пен Ресей өкілдері АҚХА Басқарушылар кеңесінің отырысында өз елдерінің атынан мәлімдеме оқыған болатын. АҚШ: «Иранмен дипломатия жүргізуге аз уақыт қалды»,- деп мәлімдеді, Ресей өкілі Вена келіссөздерінде Иранның шынайы ерік-жігерін қуаттады.