Ресей: Украина мен АҚШ биологиялық қару жасап жатыр
(last modified Thu, 10 Mar 2022 18:21:46 GMT )
Нау 11, 2022 00:21 Asia/Almaty
  • Ресей: Украина мен АҚШ биологиялық қару жасап жатыр

Ресей СІМ Украина зертханаларында осы ел мен АҚШ арасында биологиялық қару жасау саласында əріптестік бары туралы уəждер мен Вашингтонның биологиялық жəне улы қаруларды таратуға тыйым салу келісімін бұзғанын растады.

Ресей СІМ-нің баспасөз хатшысы Мария Захарова: "24 ақпанда Украинаның биологиялық зертханаларының қызметкерлерінен оба, сібір жарасы, тырысқақ  жəне басқа да қауіпті ауруларды тудыратын факторларды шұғыл түрде жою туралы құжаттар алынды",-деп хабарлады.

Оның айтуынша, бұл шара Украина мен АҚШ-тың биологиялық қарулар конвенциясының 1-бабын бұзғанына қатысты ақиқатты əшкерелеудің алдын алу мақсатында жасалды.

Ресей Қорғаныс министрлігі дүйсенбі күні: "Украинаның батысындағы Львов қаласындағы биологиялық зертханада оба мен сібір жарасының бактерияларына жасалған амалдар - осы елдің биологиялық қарулар жасау бағдарламасының бір бөлігі",-деді.

Ресей Қарулы күштерінің ядролық, химиялық жəне биологиялық қарулардан сақтау бөлімшесінің қолбасшысы Игорь Кириллов: "Қалдықтарды зерттегенде Львов зертханасында оба, сібір жарасы мен бруцеллез ауруларының патогендері жəне Харковь пен Полтава зертханаларында дифтерия, сальмонеллез, қанды диарея бактерияларымен жұмыс жасалғаны көрінді.

Украина мен АҚШ-тың биологиялық қаруларды дамыту саласындағы əріптестігі Вашингтонның əлем бойынша биологиялық қарулар жасайтын зертханалар мен нысандар ашуға бағытталған ірі бағдарламасы аясында жасалған сыңайлы.Мəскеу тарапынан бұл мәселенің жария болуы АҚШ-тың тыйым салынған жаппай қырып-жою қарулары, соның ішінде биологиялық қаруларды дамытуға шындап кіріскенін көрсетеді.

АҚШ 1972 жылы бекітіліп, 1975 жылы іске қосылған биологиялық қарулар конвенциясына мүше болғанымен, іс жүзінде адамгершілікке жат қарулардың түр-түрін дамытуда көш бастап тұр.

Өткен бірнеше онжылдықта АҚШ əлемнің түкпір-түкпірінде Еуропадан бастап, Африка мен Оңтүстік-шығыс Азияға дейінгі аймақтарда биологиялық зертханалардың ауқымды желісін қалыптастырды. АҚШ өз территориясында ондаған ірі биологиялық зертханаларға ие болса да, соңғы жылдары шет елдердегі  биологиялық қару жасайтын зертханаларға айрықша көңіл бөліп келеді. Кейбір есептеулер бойынша, əлемде 200-ден аса биологиялық зертхана бар.

Вашингтон шын мәнінде АҚШ-та биологиялық апаттың алдын алу үшін мұндай зертханаларды ел сыртына тасымалдаған. АҚШ-та бұрын бірнеше рет биологиялық апат болды.

Əдеттен тыс қарулар жөніндегі сарапшы Игорь Никулин ТМД елдерінің АҚШ тудырған биологиялық қатерлерге қарсы күресу керегін айтып: "АҚШ зертханалары ашылған жерлерде бірден түрлі аурулар тарайды",-деді.

Əлемнің түкпір-түкпірінде АҚШ-тың биологиялық зертханаларының болуы Вашингтон үкіметінің Жер планетасындағы адамзат тағдырына көңіл аудармай, жаппай қырып-жоятын қарулар жасау үшін үздіксіз əрекет етіп келе жатқанын көрсетеді.